Қазіргі кезде тіл кемістігі бар балалар санының артуы байқалуда. Педагогтар мен мамандарды көбінесе балалардың тілінің дамуы алаңдатады.
Әртүрлі дәрежедегі тілдің кемістігі балалардың психикалық, физикалық, ақыл-ойының дамуына кері әсерін тигізеді, баланың жеке тұлға боп қалыптасуына кедергі болады, психикалық ауытқуға ұшыратады, баланың тұйық, сенімсіз, жасқаншақ болып өсуіне әсерін тигізеді. Осындай тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі – логопедиялық ритмика, бұл – белсенді терапияның бір түрі. Ол алдына мынандай мақсат қойды: тіл кемістігі бар балалардың сөзді, әуенді қолдана отырып, сөйлеуін түзетуді дамыту.
Логоритмика – қимыл әрекеттерге арналған жаттығулардың жүйесі. Әр түрлі қимылдар арнайы сөздік (сөйлеу тілдік) материалдың сөздерін қайталаумен бірігеді. Ол белсенді терапияның түрі, сөйлеу тілдік немесе тілдік емес психикалық функцияларын дамыту мен түзету жолдарымен сөйлеу тілін және қосалқы бұзылымдарды түзетеді, соңында адамды ішкі және сыртқы ортаның жағдайына бейімдейді. Музыка тек қимыл әрекетті қолдамай, басқару бастамасы да бола алады. Логоритмика сабақтарының әсерінен балаларда жүрек сосудтарының, тыныс алуының, қимыл-қозғалысының, сенсорлық жағдайының, сөз-қимылды әрекеттерінің жағымды түрде қайта құрылуы жүреді және тұлғаның ерік-жігер сапалығын тәрбиелейді.
Логоритмиканың мақсаты: дамыта- тәрбиелеу және түзету бағытымен қимыл-әрекет аймағын сөзбен және музыкамен біріктіріп сөйлеу тілінің бұзылымдарын алдын-алу және түзету. Логоритмикалық сабақтарда бірнеше мақсаттар арттырылады:
-артикуляцияның қимылдарын нақтылау;
-фонематикалық қабылдауының дамуы артады;
-сөздік қоры кеңейтіледі;
-Қимыл-әрекет есте сақтауы және есту зейіні дамиды;
-жалпы және ұсақ моторикасының қимылдары артады;
-қимыл-әрекетінің нақтылығын, үйлесімділігі қалыптастырылады;
-әуенді-интонациялық және просодиялық компонент терінің дамуы артады;
-шығармашылық қабілеті артады;
Логоритмикалық сабақтарға саусақ ойындары немесе саусақ массажы, көзге арналған жаттығулар, әуен арқылы әр-түрлі бағытта жүру, жүгіру,тақпақ-өленнің сөздерін қимыл-әрекетпен көрсету, мимикалық жаттығулар, сонымен қатар әуен арқылы релақсация жаттығулары, сөзұйқастар, әуенді, сөйлеу-тілді ойындар кіріктіріледі. Түрлі ритмикалық қимыл-қозғалыстар адамның ми жұмысын белсендіреді. Сондықтан, интеллектісі айқынды дамымаушылығы бар балаларымен логоритмика сабақтарын ерте жастан бастау қажет.
-дыбыстарды бекітуде және машықтандыруда сөзұйқастарды қолдану, фонопедиялық жаттығуларды жүргізу. Дыбыс айту қабілетін түзету, көмекейін қатайту және сөйлеу-тілді тыныстануын қалыптастыру.
-Мимикалық бұлшық еттерін дамыту жаттығулары.
-балалардың жасына сай, жалпы моторикасын дамыту жаттығулары. Бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
-Сөз шешендігін дамыту жаттығулары. Белсенді сөз қорын кеңейту.
Тіл кемістігі күрделі балалармен логоритмика сабақтарын жүргізу:
Кішкентай орындай алатын гимнастикалық және би жаттығулары, дыбысты аспаптармен ырғақта жаттығулар жасау, еркін қимылдар, ойындар сазды әуенмен қатар жүреді, бұл бүлдіршіндердің ырғақ сезімін, сазды ести білу қабілеті мен жадын дамытып, сазбен жеткізу құралдарын түсінуіне, оларды дыбыстық саралай білуіне ықпал етеді.
Балақай,
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (екі қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкі болып қашамыз (бір орындарында тұрып жүгіреді)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (бәрі орындарына отырады).
Бала, бала, балақай,Қол соғайық, алақай!
Бір, екі, үш деп айтайық, Саусақтарды тартайық.
«Көліктер»
Кәні, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық!
Пш-пш,пш-пшш жүреміз,
Астанаға кетеміз!
«Пойызд»
Кәні, кімнің бойы ұзын,Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық!
Пш-пш,пш-пшш жүреміз, Астанаға кетеміз!
Машина
Қызыл көзін ашқанда, аяғыңды баспа алға!
Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда, жүре берші, жасқанба! Бип, -бип
Мен ұшақпын, ұшақпын!
Аспанда мен ұшамын! Биікке мен барамын!
Алысқа мен жетемін! У-УУУУУУУУ
Жаңбыр
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
Тәулік бойы тынбайтын, Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жайған жауын тырсылын жасайды)
Астан-кестен жауатын, Өткінші енді біз жаңбыр (тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтіреді)
Бақа
Жолдарына үңіліп, Екі бақа жүгіріп,
Секіреді бақ-бақ. Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады. Оңға-солға шайқалып.
Бақылдайды ән салып.бақ-бақ
Судан шіркей табады, Өсіп үлкен болады..бақ-бақ
Бақ-бақ, нақ-нақ,
Біздер айттық тақпақ. бақ-бақ
Мектеп логопедтері: Байтохина Ж.Т
Жанзақ Н.С