2025 жылдың 25 ақпанда бекітілген жаңа ережелерге сәйкес

2025 жылдың 25 ақпанда бекітілген жаңа ережелерге сәйкес,  аттестациядан өтуге ниет білдірген педагогтермен арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары және енгізілген өзгерістер туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мұғалімдерге аттестаттау үдерісінің кезеңдері, қажетті құжаттарды рәсімдеу талаптары және бағалау критерийлері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, аттестациядан өтетін педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, олардың кәсіби дамуына жәрдемдесу мақсатында тәжірибелік кеңестер ұсынылды.