27 қазан күні Д. Қонаев атындағы ЖББОМГ Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста жаңа оқу жылындағы жоспарлар, мектеп – гимназиясының педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, білім алушылар контингенті, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру объектісінің жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмысы, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытындағы бірқатар ұсыныстар талқыланды.
Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, білім алушылардың сапалы білім алуына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Русский
Қазақша