Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының ВИДЕОСАБАҚТАРЫ МЕН ВИДЕОЛЕКЦИЯЛАРЫН Интернетте орналастыру керек» — деген тапсырмасын жүзеге асыру аясында мұғалімдер үшін әзірленген әдістемелік бейне сабақ. Мұғалімнің аты-жөні: Бекболатова Динара Бахтияровна Білім саласы: Қатынас Пәні: сауат ашу Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1. Ұ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, жаңа сөздер үйрету. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату. Балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап анық, таза сөйлеуге үйрету. 2. Ұ дыбысы қатысқан жаңа сөздерді таныстыру арқылы балалардың білімі мен тілін дамыту. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. 3. Ойындар арқылы балаларды еңбек-сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, ұйымшылдыққа, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелесу, ой қозғау.