“Айналайын” жазғы лагері 1-маусым жабылуы
? Жазғы лагерьдің соңғы, ең есте қаларлық күні! ?
Бүгін лагерьдің 1-ші ауысымы өз шымылдығын шаттық пен қуанышқа толы ерекше күнмен жапты! ? Балалар үшін мектебіміздің басшылығы тамаша сый дайындап, Кинопаркке жолдама ұсынды! ?? Үлкен экраннан көрген қызықты оқиғалар балалардың қиялын тербетіп, жүздеріне күлкі ұялатты ?✨
Салтанатты жабылу сәтінде ерекше қонақтар — ертегі әлемінің сүйікті персонаждары келіп, лагерь ауласын нағыз сиқырлы әлемге айналдырды! ??♂️?♀️ Балалар мәз-мейрам болып, олармен бірге ойнап, суретке түсіп, ұмытылмас әсер алды! ??
Ал тәтті сый ретінде — салқын әрі дәмді балмұздақтар таратылды! ?? Жаздың ыстық күнінде балмұздақтың дәмі ерекше болды!
https://www.instagram.com/reel/DK-S1JJgV-t/?igsh=djVpbDN1NmJ0MmV0

Русский
Қазақша