“Айналайын” жазғы лагері І-маусым
📍 “Айналайын” жазғы лагері
📆 07.06.2025 жыл
🎉 Біздің мектеп жанындағы “Айналайын” жазғы лагеріндегі қызыққа толы бір күн!
Бүгін жазғы лагерь аумағында ата-аналар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, олар балалардың тыныс-тіршілігімен, күн тәртібімен және қауіпсіздік шараларымен танысты. Ата-аналар көңілдері толып, қуаныштарын жасырмады!🤗
🌞 Күнді сергек күйде бастау үшін барлығымыз таңғы жаттығуға шықтық. Балалар көтеріңкі көңіл күймен бойларын жазып, жаңа күнге шабытпен кірісті.
🧩 Жоспарға сәйкес бастауыш буынға арналған квест-ойындар ұйымдастырылды.
Кішкентайлар үшін арнайы әзірленген қызықты квест-ойыны өтті. Балалар тапсырмаларды орындап, жасырынған белгілерді тауып, шынайы командалық рух пен тапқырлық көрсетті.
🧭 Табиғат аясында жоғары топ оқушыларына арналған күрделі әрі қызықты квест-ойын лагерь кеңістігінде ерекше атмосфера қалыптастырды. Ұйымдастырушылардың тыңғылықты дайындығының арқасында балалар логика мен ептілікті ұштастырды.
🎬 Кинотайм
Кешкісін барша бала бір шаңырақ астында жиналып, сүйікті фильмдерін бірге тамашалады. Бұл сәт – достықты нығайтып, жылы естеліктермен толықты.
💬 Күн соңында ата-аналар тарапынан жылы лебіздер мен ризашылық сөздер айтылды. Көпшілігі балалардың қуанышты сәттерін көріп, алғыстарын білдірді.
📸 Бұл – біздің тек бір күніміз ғана! Алда әлі де талай қызықты оқиғалар мен есте қалар сәттер бар. Біздің “Айналайын” жазғы лагері – баланың шаттық мекені! 🌈
#Айналайынлагері2025#көңілдіСәттер