“Айналайын” жазғы лагері ІІ-маусым

2-ші күні

⌛️19.06.2025ж “Айналайын” лагерінің жас өрендері ерекше күн өткізді – олар танымдық мақсатта жергілікті музейге барды. ?Бұл саяхат балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, туған елдің тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Музей ішіндегі көне жәдігерлер, тарихи экспонаттар мен қызықты әңгімелер жас лагер қатысушыларына зор әсер қалдырды.

?Балалар мұражай қызметкерлерінің әңгімелерін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. ?Бұл күн олар үшін тек көңілді ғана емес, білімге толы әрі ұмытылмас болды. Саяхат соңында балалар естелік суреттерге түсіп, алған әсерлерімен бөлісті.

??Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың патриоттық рухын арттырып, мәдени құндылықтарға деген құрметін қалыптастырады.

https://www.instagram.com/reel/DLF7MxJtuUi/?igsh=MXJtbGl3ZzNxaGhtaQ==