“Айналайын” жазғы лагері ІІ-маусым 

3-күн

📌 Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясындағы акция

«Айналайын» жазғы лагерінің жоспарына сәйкес, Қарғалы қалалық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ә.А. Жамбылбаева қатысуымен маңызды ақпараттық-сауықтыру шарасы өтті.

🌿 Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге нашақорлықтың зияны туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және зиянды әдеттердің алдын алу.

👩⚕️ Дәрігер Ә.А. Жамбылбаева оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, нашақорлықтың ағзаға, психикаға және қоғамға тигізетін кері әсерлері жөнінде кең көлемді түсініктеме берді. Балалар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды, ой-пікірлерімен бөлісті.

💃 Іс-шара соңында лагерьдің барлық оқушылары “Салауатты өмір – сәнді өмір!” ұранымен бірлесе отырып, флешмоб билеп, белсенділік танытты. Бұл флешмоб арқылы олар өз таңдауы – денсаулық пен белсенді өмір екенін жарқын түрде жеткізді.

✅ Мұндай тәрбиелік мәні зор акциялар балалардың зиянды әдеттерге қарсы иммунитетін қалыптастырып, саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

https://www.instagram.com/reel/DLF8ta-N-Pn/?igsh=a2l2ZjczdGd1MXNp