“Айналайын” жазғы лагері ІІ-маусым
5-күн
“Айналайын” жазғы лагері балалардың көңілді әрі мәнді демалуына арналған ерекше мекен ?️.Бүгінгі күні лагерьде екі тамаша іс-шара өтті: “Екі жұлдыз” ән байқауы ?⭐ мен спорттық эстафета ?♂️?♀️?.
? “Екі жұлдыз” байқауында балалар тәрбиешілермен бірге ән салып, сахнада жарқырай өнер көрсетті. Барлығы да керемет дайындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! ???
Ал спорттық эстафетада балалар өз күштерін сынап, түрлі жарыстарда бақ сынасты ?. Жүгіріп, секіріп, бір-бірін қолдап, командалық рухты танытты ??.
Күлімдеген балалар, шаттыққа толы сәттер мен достықтың жарқын көрінісі – бәрі де осы күннің басты ерекшелігі болды ?❤️.
https://www.instagram.com/reel/DLLOPD4zPgo/?igsh=Zzlmc3F3ODV6MDJt

Русский
Қазақша