”Айналайын” жазғы лагері. ІІ- маусым ашылуы.
ІІ-маусым.☀️Бүгін Айналайын жазғы лагерінде ерекше күн болды – лагерьдің салтанатты II маусымының ашылу рәсімі өтті. Балалар мен тәрбиешілер көңілді музыкамен, түрлі ойындармен қарсы алынды. ⭐️Ашылу барысында танысу, көңіл көтеру және лагерлік өмірдің ережелерімен танысу сәттері өтті.
?Ашылу рәсімінен кейін лагерь тәрбиеленушілері қызықты саяхатқа аттанды – олар қаладағы планетарийге барды. Балалар жұлдызды аспанмен, ғаламшарлармен және ғарыш әлемімен танысты. Планетарийдегі әсерлі шоу мен білімді экскурсия балалардың қызығушылығын арттырып, көптеген жаңа мәлімет алуға мүмкіндік берді.
?Бұл күн балалар үшін есте қаларлықтай әсерлі әрі танымдық болды. Алда оларды әлі де қызықты сәттер, достық пен жаңа ашылулар күтіп тұр!
https://www.instagram.com/reel/DLDlte_Nv-t/?igsh=bHBiamY0Mm14ZG1u

Русский
Қазақша