Алғыс жүректен шыққан шынайы сөз!

Бүгін, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназияда 1 наурыз “Алғыс айту” күніне орай оқушылар ұйымдастыруымен ата-аналарға арнап әдемі мерекелік концерт өткізілді.

Білім ордамыздағы үштік одақ жұмысын жандандырып, қоғамдық жұмыста белсенділік танытып, мектеп дамуына  жанашырлық пен табандылық көрсете білген ата-аналар марапатталып,  үлгі істері көпке насихатталды. Аталған үрдіс алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүргізіліп отырады деп сенеміз.

Сіздерге, біздің мектептің дамуына сүбелі үлес қосып, өз балаларыңызға білім мен тәрбие жолында белсенді қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіре отырып,марапатталған ата-аналарды шын жүректен  құттықтаймыз