АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Бүгін, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназияда «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ» тақырыбында жалпы класс ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіне енгізілген
Мектептің 2025, 2026, 2027, 2028, 2029 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен мектеп миссиясы
2024-2025 оқу жылындағы ІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы.
Оқушылардың өмір қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу.
7-11 класс ата-аналарына «Жыныстық сауаттылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу: отбасылық диалогтың маңызы»
9 класс оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша колледж өкілдерімен кездесу мәселелері толық талданып, ата-аналар ұсынысы мен пікірі тыңдалды.
Өз баласының оқу-тәрбие процесіндегі рөлінен хабардар болып, жиналысқа қатысқан әр ата-анаға зор алғыс білдіреміз