АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Аттестаттау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс барысында педагог-модератор және педагог-сарапшы санатына өтініш бергелі отырған педагогтердің сабақтарын бақылау нәтижелері талқыланды.Комиссия мүшелері педагогтердің кәсіби біліктілігін бағалаудың негізгі критерийлерін қарастырып, олардың педагогикалық қызметінің сапасы, оқыту әдістемелері және инновациялық тәсілдерді қолдану деңгейі бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, педагогтердің құжаттарының талапқа сай рәсімделуі, аттестаттау үдерісіне қажетті материалдарды жинақтау, әдістемелік жұмыстарды жүйелеу мәселелері жан-жақты қарастырылды.Отырыс нәтижесінде педагогтердің аттестаттау үдерісіне дайындығын жетілдіру бойынша нақты бағыттар белгіленіп, атқарылатын жұмыстар жүйеленді. Бұл шара мұғалімдердің кәсіби өсуіне және білім беру сапасын арттыруға оң ықпал ететіні күтілуде.