Білім беру жүйесіндегі аккредиттеу: мақсаттары, рәсімдері және даму перспективалары
Жетекші мектеп директорларына арналған семинар «Білім беру жүйесіндегі аккредиттеу: мақсаттары, рәсімдері және даму перспективалары» 2025 жылдың 16 қазанында Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында жетекші мектеп директорларына арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға аккредиттеу үдерісіне жауапты мамандар қатысып, оның негізгі мақсаттары мен рәсімдері туралы жан-жақты мәлімет берді. Семинар барысында аккредиттеудің білім сапасын арттырудағы рөлі, өзін-өзі бағалау есебін дайындау, сыртқы сараптама жүргізу және сапа менеджменті жүйесін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, мамандардан нақты кеңестер алды. Кездесу кәсіби дамуға және білім беру сапасын жетілдіруге зор серпін берді. Семинарда спикер ретінде сөз алғандар: • Каланова Шолпан Муртазовна – IQAA президенті, профессор • Макажанова Асель Муратбековна – IQAA директоры, PhD • Мукалықова Бибигүл Жасқайратқызы – IQAA бас сарапшысы • Тажимишев Абзал Амантаевич – №82 мектеп директоры • Садыкова Бибигүл Хайруллақызы – №8 мектеп директорының орынбасары Семинар мазмұнды, пайдалы және тәжірибеге бағытталған форматта өтті







Русский
Қазақша