«БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ: ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОКРУГІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес білім беру округтерімен «Білім сапасын арттыру: жаңа тәсілдер мен әдістемелер» облыстық семинар-практикумы өтті. Біздің білім беру округі бойынша тәжірибе алмасу Nº55 орта мектеп-гимназиясының базасында ұйымдастырылды. Семинарды мектеп-гимназия директоры Ш.С.Жангалиева мен Ақтөбе облыстық, әдістемелік орталығының әдіскері А.К.Сарсенова алғысөзбен ашып, Д.Конаев атындағы ЖББОМГ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н.Ербозымова «Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында баяндама ұсынды .Семинар барысында тірек мектептер (Nº55 ОМГ, Nº78 ЖОББМГ, Nº53 ЖББОМ) магниттік мектептерімен командалық, жұмыстарымен бөлісті. Практикалық жұмыстар кезінде семинарға қатысушылар ЖИ және заманауи технологиялармен жұмыс жасады.