«БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН»
2025 жылдың 30 сәуірі күні мектеп кітапханасында 1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-6 сынып оқушыларына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты – оқушыларды елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы тереңірек таныстыру және олардың көпұлтты қоғамға деген қызығушылығын арттыру болды.
Көрмеге қойылған кітаптар арқылы оқушылар Қазақстанның көпэтносты және көпмәдениетті қоғамының ерекшеліктерімен танысып, ұлттар арасындағы татулық пен ынтымақтың ел бірлігін нығайтудағы маңыздылығын түсінді. Көрмеде еліміздегі әртүрлі этнос өкілдерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тілі мен мәдениеті туралы жазылған туындылар кеңінен ұсынылды.5-6 сынып оқушылары көрмені арнайы келіп, еліміздің әртүрлі ұлттарының тарихы мен мәдениетіне қатысты мол мағлұмат алды. Кітаптар арқылы олар көпұлтты Қазақстанның ерекшелігін, ұлттар арасындағы сыйластық пен ынтымақтың еліміздің бірлігін сақтау мен дамытудағы рөлін терең түсінді.
Шара барысында оқушылардың рухани дүниесі байып, достық пен өзара құрметке негізделген құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді. Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттар арасындағы бірлік пен татулықтың маңыздылығын санасына сіңіріп, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру болды.
Бұл іс-шараның нәтижесінде оқушылар еліміздегі әртүрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, ұлттар арасындағы бірлікті нығайтуға үлес қосуға дайын екендерін көрсетті.