БОС ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ – сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің «konaevmektep.edu.kz» ресми сайтынан, мектептің инстаграм «d.konaevmektepgimnaziya» және фейсбук парақшаларынан көруге болады;
- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (16 қазанға дейін);
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде тапсырады:
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
113. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
116. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
(Ақтөбе қаласы, Нұр Ақтөбе ауданы, Қарғалы т/а 12А), e-mail: konaev@aktgoroo.kz, ұялы телефоны: 71-26-02
2025-2026 оқу жылының 07-15 қазан аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
№ | Бос лауазым атауы | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты/ уақытша орын | Жалақысы |
1 | Бастауыш класс мұғалімі | 3 бірлік | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Декрет орын | 164 000тг- 234 000тг |
2 | Бастауыш класс мұғалімі | 3 бірлік | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Декрет орын | 164 000тг- 234 000тг |
№ | Бос лауазым атауы | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты/ уақытша орын | Жалақысы |
1 | Қосымша білім беру педагогі (домбырашы) | 1 орын | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Декрет орын | 170 000тг- 200 000тг |
2 | Қосымша білім беру педагогі | 1 орын | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 170 000тг- 200 000тг |
3 | Психолог | 1 орын | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Декрет орын | 170 000тг- 200 000тг |
4 | Профориентатор | 1 орын | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 170 000тг- 200 000тг |
5 | Логопед | 1 орын | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Декрет орын | 170 000тг- 200 000тг |
2025-2026 оқу жылының 07-15 қазан аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
№ | Бос лауазым атауы | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты/ уақытша орын | Жалақысы |
1 | Математика пәні мұғалімі | 20 сағат | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг- 234 000тг |
2 | Математика пәні мұғалімі | 10 сағат | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 82 000тг- 117 000тг |
3 | Физика | 15 сағат | Орыс, қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг- 234 000тг |
4 | Химия | 8 сағат | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 82 000тг- 117 000тг |
5 | Биология | 8 сағат | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 82 000тг- 117 000тг |
2025-2026 оқу жылының 07-15 қазан аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
№ | Бос лауазым атауы | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты/ уақытша орын | Жалақысы |
1 | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі | 16 сағат | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Декрет орын | 164 000тг- 234 000тг |
2 | Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі | 18 сағат | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг- 234 000тг |
3 | Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі | 8 сағат | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 82 000тг- 117 000тг |
2025-2026 оқу жылының 07-15 қазан аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
№ | Бос лауазым атауы | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты/ уақытша орын | Жалақысы |
1 | Көркем еңбек (ер балалар арналған) | 20 сағат | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг- 234 000тг |
2 | Көркем еңбек (ер балалар арналған) | 9 сағат | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 82 000тг- 117 000тг |
3 | Дене шынықтыру пәні мұғалімі | 24 сағат | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг- 234 000тг |
4 | Дене шынықтыру пәні мұғалімі | 24 сағат | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Декрет орын | 164 000тг- 234 000тг |
2025-2026 оқу жылының 07-15 қазан аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
№ | Бос лауазым атауы | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты/ уақытша орын | Жалақысы |
1 | Тәрбие ісі жөніндеі орынбасар | 1 бірлік | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 172 000тг – 209 000тг |