Достық олимпиадасының үздігі

«Достық олимпиадасы» – бұл дарынды оқушыларды қолдауға және олардың пәндік білім деңгейін арттыруға бағытталған білім сайысы.

Достық олимпиадасының мақсаты:

— Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

— Дарынды жастарды анықтап, олардың қабілеттерін дамыту.

— Республикалық немесе халықаралық олимпиадаларға дайындық деңгейін көтеру.

— Үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттау және мотивация беру.

Достық-2025 олимпиадасына мектеп атынан 5 «И» класс оқушысы Қуандық Інжу қатысып, үздік нәтиже көрсетіп мақтау қағазымен марапатталды.