ЕР БАЛАЛАР ЖИНАЛЫС
2025 жылдың 10 қараша күні Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында 7–8-сыныптың ер балаларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа мектеп инспекторы Адаев Аслан, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтары қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениет, жеке жауапкершілік, мектеп ережелерін сақтау, сабаққа қатысу тәртібі және тыйым салынған бұйымдарды мектепке әкелмеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.



Русский
Қазақша