«Көкпар» зияткерлік ойынының қатысушылары

2025 жылдың сәуір айының 5-ші жұлдызында қала мектептерінің 8-10 кластар  арасында «Көкпар» зияткерлік ойыныны өткізілді.

Зияткерлік ойын мақсаты: білім беру жүйесінде  білім алушылардывңқызығушылығын арттыратын зияткерлік бағыттағы ойын-байқауларын көбейту.

Міндеттері:

  • Білім  алушылардың жан-жақтылығын арттыру;
  • Топпен жұмыс жасауға бейімдеу;
  •  Зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыру;
  • Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге насихаттау

Зияткерлік ойын барысы 3 турдан тұрды. Әр тур барысында (тарих, әлеуметтік, логика сынды пәндердің  сұрақтары қамтылды. 3 тур барысында топ басшылары салт-дәстүр бағытындағы сұрақтарға жауап беру барысында шапшаңдық танытты. Осы сайысқа біздің мектебізден  10 «Б» класынан Райханова Айнұр., 9 «Г» класынан Тұрғанбай Қуаныш, 8 «Ғ» класынан Утенова Аянат есімді оқушылар додаға түсіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. 

Жетекшісі тарих пәні мұғалімі А.Е. Карабасова

Жеңістеріңіз құтты болсын!