Көктем жақындаған сайын қар суының жиналу қаупі артады!
Осыған орай, бүгін мектебіміздің ауласында қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары ұйымшылдық танытып, қар күреу, мұз жару жұмыстарына белсене қатысты.
Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, көктемгі су тасқынының алдын алу үшін маңызды қадам. Егер қар мен мұз үйіндісі уақытылы тазаланбаса, еріген су жиналып, оқушылардың қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін. Осыны ескерген оқушылар бірлесе әрекет етіп, мектеп ауласын қар мен мұздан тазартып, игі іске өз үлестерін қосты.
Еңбекқорлық пен жауапкершілік – жарқын болашақтың кепілі!
Осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!