Калитов Багдаулет Кентаевич
1983 жылы 27 қараша күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2001-2005 жж. аралығында Ақтөбе педагогикалық институты, жаратылыстану факультетінің «Химия, биология мұғалімі» мамандығын тәмамдады. Содан соң Ақтөбе педагогикалық институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді. 2005-2006 жж. «әуе десанттық әскері» әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеді.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе қаласы «№52 негізгі мектебі» КММ бастады. 2012 жылы «№8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» қызметін атқарды. 2015-2025 жж. аралығында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқардып.
2025 жылдың 27-қазанынан бастап, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназисы» КММ-не директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Санаты: Педагог-шебер.

Русский
Қазақша