Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу туралы

2020-2021 оқу жылы 9,11 класс оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары 2-жартыжылдықтан бастап ұйымдастырыа бастады. Ол үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы мектеп директорының 30.01.2021. №37.1. бұйрығымен бекітілді. Оның құрамына мектеп директоры А.А.Тажимишев — комиссия төрағасы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, жоғары санатты мұғалімдер кірді. Комиссия мүшелері емтихан тапсыратын класс тізімдері, пән атаулары, дайындық сабақтарының кестесін дайындайды. Сонымен қатар, пән мұғалімдерімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 9, 11 кластарда аптасына 1 сағаттан тіл, математика, орыс, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихынан дайындық сабақтары ұйымдастырылып, класс жетекшілер оқушылардың қатысымын қамтамасыз етті. Сәуір айының 2 жартысында қорытынды емтихандардың кестесі құрылып, оған 60тан астам пән мұғалімдері тартылды. Емтихан кестесінде емтихан күні, басталу уақыты, пәні, өткізу формасы, бақылау түрі, емтихан алушы мұғалімдер, ассистенттер, өткізілетін орны (аудитория №) көрсетілді. Сонымен қатар, емтихан кезінде әр қабатқа кезекшілер қойылып, мектеп ішінде тәртіп, тыныштық сақтау, емтихан басталуы, аяқталуы уақытында қоңырау соғылу, мектеп кіреберісінде емтиханға келген оқушылардың, емтихан алушы мұғалім мен ассистент мұғалімдердің  дене қызуын өлшеу, санитарлық талап-нормаларын сақталуын бақылау жұмыстары да орындалды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың басшылыққа ала отырып, мектеп директорының 12.05.2021ж №127 бұйрығы негізінде қорытынды аттесттатау материалдарын қабылдап алуға жауапты маман Б.Садыкова және техникалық хатшы Нуралиева Н. бекітілді. Облыстық білім басқармасынан жіберілген емтихан материалдары емтихан болардан 1 күн бұрын сағат 17.00. ден кейін электрондық поштаға жіберіліп отырды. Оны уақытында қабылдап алып, оқушы санына қарай көбейтіп, баспаға шығару жауапты тұлғаларға міндеттелді.

Сонымен, 2020-2021 оқу жылында мектеп бойынша 9 кластарда барлығы 197 түлек (оның ішінде 25 оқушы орыс тілінде оқытылады), 11 кластарда барлығы 74 түлек ( оның ішінде 13 оқушы орыс тілінде оқытылады) бітіргелі отыр.

ҚР БҒМ 18.03.2008ж. №125 бұйрығы негізінде бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінің» 4-тарауының 50,51 тармақтарына сәйкес денсаулығында ақауы бар оқушылар емтихандардан босатылуы тиіс. Аталған тармаққа сәйкес осындай оқушылардың құжаттары дайындалып, бұл жөнінде қалалық білім бөліміне ұсынысхат жіберілді. Нәтижесінде ОББ 19.05.2021ж №137 бұйрығы негізінде 9-кластарда 2 түлек, 11 кластарда 3 түлек денсаулықтарына байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарынан босатылды.

9кластарда 197 тулектің 195і, 11кластарда 74 түлектің 71і жылдық қорытынды бағалалары бойынша 25.05. 2021ж. №6 педкеңестің шешімімен мемлекеттік емтихандарға жіберілді.

9кластарда емтихандар 28мамыр-05 маусым аралығында кесте бойынша қазақ, орыс тілі, алгебра, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылды. Емтиханнан 1 күн бұрын электрондық поштаға келген құпиясөз көмегімен емтихан материалдары алынып, оны ертеңгі күнге тиісті данада дайындалды. Эссе тақырыптары емтиханнан 15 минут бұрын, бақылау есептері 1 сағат бұрын ашылды. Емтихан материалдарының сәйкестігін тексеру барысында комиссия мүшелері 02маусым күні ашылған пакетте 9 орыс кластарына арналған бақылау есептерінде қателіктерді дер кезінде анықтап, бұл туралы акт жасалды. басқа келген емтихан материалдары уақытында, дұрыс алынып отырды. Әр емтихан күні материалдарды ашу рәсіміне комиссия мүшелерімен қатар оқушылар қатыстырылды.

Негізгі орта мектеп бітіруші түлектерден 25 түлек жыл соңында барлық пәннен «5» деген бағаға аяқтап, «үздік» аттестаттқа үміткерлер тізіміне ұсынылды. Осы оқушылар жоғарыда аталған емтихандарда «5» бағаға тапсырып, жоғары деңгейдегі білімін көрсете алды.

11кластарда 01маусым — 10 маусым аралығында 4 емтихан өтті: оқу тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылды. Емтихан жұмыстары сол күні тексеріліп, емтихан, қорытынды бағалары хаттамаға енгізіліп, электрондық журналға қойылды.

 Мектеп бітіруші 11 класс түлектерінен 9 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 2 оқушы «үздік» аттестатқа  үміткер болды. Осы оқушылар мемлекеттік аттестаттау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, жоғары білімдерін көрсетті. «Алтын белгіге» үміткер түлектердің қазақ тілінен эссе, алгебра және анализ бастамаларынан орындаған емтихан жұмыстары облыстық білім бөлімі жанынан құрылған комиссияда қаралды. Емтихан аяқталған бойда 15 мин ішінде ол жұмыстарды сканерлеп, комиссия почтасына электронды түрде жеткізу және 2 сағат ішінде оқушы жұмысының түпнұсқасын комиссияның қарауына жеткізіліді. Бұл жұмыстар уақытында жеткізілді. Облыстық тексеру комиссиясының шешімімен 9 «АБ» үміткер оқушылардың жұмыстары жоғары балл жинап, «5» бағаланды.

Қорытынды:

  1. Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылды.
  2. Емтихандар кесте бойынша, өз уақытында өтті, кешіккен, қалып қойған оқушылар болған жоқ.
  3. Емтихан материалдары, тиісті құжаттар уақытында рәсімделді.
  4. Емтихан мұғалімдері, класс жетекшілер, кезекшілер өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарды.