«КРЕАТИВКЕ ТОЛЫ БІЛІМ ОРДАСЫ: МЕНІҢ МЕКТЕБІМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
3 ақпан – 3 сәуір аралығында өткен «Креативке толы білім ордасы: менің мектебім» атты кезеңде жас мамандарымыз өз шығармашылық қабілеттерін барынша көрсетіп, мектеп өмірінің жарқын сәттерін бейнеролик арқылы бейнеледі. Байқау шартына сәйкес қатысушылар 5-10 минуттық бейнеролик дайындап, оны мектептің ресми YouTube арнасына орналастырды. Арнайы комиссия отырысы өтіп, байқауға ұсынылған жұмыстар әділ бағаланды. Қатысушылардың видео түсіру шеберлігі, мазмұнның креативтілігі және техникалық сапасы ескеріліп, бағалау шкаласы негізінде ұпайлар берілді.Барлық жас мамандарға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз! Шығармашылықтарыңыз арта берсін! Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!