*Мамандықтар әлемі: мектептегі кәсіби бағдар көрмесі*
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылына» орайластырылып, 9-сынып оқушылары үшін мектепте ерекше шара өтті. Ш.Берсиев атындағы аграрлық-техникалық колледж өкілдері мектепке келіп, мамандықтар әлемі туралы қызықты көрме ұйымдастырды.
Көрмеде әртүрлі салалар бойынша мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, оқушылардың болашақ кәсіби жолын таңдауда бағыт-бағдар алуына мүмкіндік жасалды. Әрбір экспозицияда студенттер мен оқытушылар өз білім беру бағдарламалары, оқу процесі, және болашақтағы мансаптық перспективалары туралы әңгімеледі. Оқушылар үшін бұл жаңа мүмкіндіктерді ашқан маңызды әрі танымдық шара болды.
Шара барысында оқушылар тек ақпарат алумен шектелмей, сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған салалар бойынша кеңес алды. Бұл олардың болашақ мамандыққа дұрыс шешім қабылдауларына үлкен көмек болды.
Осындай шаралар жасөспірімдерге арманындағы мамандыққа бір қадам жақындауға мүмкіндік береді.


