Мектебімізде жас мамандар мен 3-сынып оқушыларының қатысуымен экологиялық жоба ұйымдастырылды.
Мектебімізде жас мамандар мен 3-сынып оқушыларының қатысуымен экологиялық жоба ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға баулу және қалдықтарды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту болды.
Эко жоба аясында қатысушылар тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасап, оларды сұрыптау, қайта өңдеуге жарамды материалдарды ажырату және қалдықтарды кәдеге жарату жолдарымен танысты. Оқушылар қалдық заттардан түрлі пайдалы бұйымдар мен шығармашылық жұмыстар жасап, өз қиялдары мен белсенділіктерін көрсете білді.
Жас мамандар оқушыларға экологиялық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтті. Бірлескен жұмыс балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге зор ықпал етті.
Аталған эко жоба жас ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тиімді тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Русский
Қазақша