Мектеп әкімшілігі үйден оқитын оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мектеп әкімшілігі үйден оқитын оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында оқушыларға жаңа жылда зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ, білім алудағы табандылықтары мен еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы жылы мақсаттарына жетіп, жарқын болашаққа қадам басуларына ізгі тілектер айтылды. Жаңа жыл әрбір оқушының өміріне қуаныш, үміт пен сәттілік әкелсін деген ниет білдірді.
Үйден оқитын оқушылардың бірі Қуанышбек Санжарды Алматы ауданының мәслихат депутаты Н.А.Кулекенова құттықтап, жаңажылдық сыйлықтарын табыстады.








Русский
Қазақша