Мектеп-гимназия қоржынына тағы бір үлкен жетістік!!!
2025 жылдың 22-24 сәуір күндері Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, профессор Қ.Бітібаева атындағы дәстүрлі республикалық олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға жыл сайын мектебіміздің дарынды оқушылары өз білімдерін сынап, әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп келді. Биыл да мектебіміздің 11-сынып оқушысы Төлепберген Диана аталған білім жарысында топ жарып, жүлделі ІІ орын иеленді.
Табанды еңбек, жеңіске деген жігермен қаруланған дарынды шәкірттеріміз көп болсын!!! Бұл жеңіс тілектес болған барша ұжымның ортақ жеңісі.
Жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер Сырбаева Сағадат Маликовна. Құттықтаймыз!!!
