Мектеп пен отбасы: бірлескен тәрбиенің маңызы
Мәдениет майданындағы сүбелі өнерді тамашалап, көзайым болу бақыты бүгінгі күні мектеп-гимназия ата-аналарына бұйырды.
Үлкен табандылық пен бапты қажет ететін ұлы өнердің шамын жағып, рөлін мүлтіксіз шебер сомдай алған “УАҚЫТ” балалар театрының кезекті қойылымы қайырымдылық бағытында болды. Алаш арыстарының өміріне негізделген “Соңғы сөз” спектаклінен түскен 500000 теңгелік қаражат театр құрамында өнер көрсететін оқушы анасының еміне табысталды.
Құрметті, ата-ана алдағы үлкен сынаққа сынбай, жігеріңіз мұқалмай, толық жазылып, отбасыңызға аман-есен қауышуыңызға тілектестік білдіреміз.
Ата-баба қанымен бойымызға сінген қайырымдылығымыздың жаршысы болып, шын ықыласта болған барша ата-аналарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз