«Менің кітаптағы кейіпкерлерім»
2025 жылдың 26 қаңтары күні мектебіміздің кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Менің кітаптағы кейіпкерлерім» атты әдеби-шығармашылық бағыттағы іс-шара өтті. Шара мектеп кітапханасының медиа оқу залында ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап кейіпкерлерін сахна арқылы таныту, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
Аталған шараға 4 «З» сынып оқушылары белсене қатысып, көрермендерге кеңінен танымал «Қызыл Телпек» ертегісін сахналады. Балалар ертегінің негізгі мазмұнын сақтай отырып, оны заманауи стильде қызықты әрі әсерлі түрде жеткізді. Қойылым барысында басты кейіпкерлер – Қызыл Телпек, оның әжесі, аңшылар және жаман қасқыр шынайы әрі ерекше бейнеде сомдалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Оқушылар өз рөлдерін үлкен жауапкершілікпен орындап, сахналық мәдениет, топпен ынтымақтаса жұмыс істеу, көркем сөйлеу сынды маңызды дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды. Костюмдер мен декорациялар да қойылымның мазмұнын тереңдете түсті.Бұл қойылым оқушылар үшін тек шығармашылық жұмыс қана емес, сонымен қатар өз ойын еркін жеткізу, өнер арқылы өзін-өзі дамытуға ықпал ететін ерекше тәжірибе болды.
Іс-шара соңында кітапхана меңгерушісі мен сынып жетекшісі оқушыларға алғыс айтып, олардың өнерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, балаларды кітап оқуға, шығармашылық ізденіске ұдайы ынталандырып отырудың маңызына тоқталды.
Осындай мазмұнды әрі танымдық шаралар жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.