Мың алғыс!
Құрметті ұстаздар мен сүйікті оқушылар!
Бүгін – жүректен шыққан шынайы ризашылық пен алғыс білдіретін ерекше күн! Алғыс айту – тек құр сөз емес, бұл бір-бірімізге деген сыйластықтың, мейірімділіктің, жанашырлықтың белгісі.
Құрметті ұстаздар! Сіздер білім мен тәрбие беріп, әрбір оқушының болашағына жол сілтейтін асыл жандарсыз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз бен ұмтылыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!
Қымбатты оқушылар! Сіздер – мектебіміздің жүрегі, болашағымыздың кепілісіздер! Білім алуға деген құлшыныстарыңыз бен белсенділіктеріңіз үшін сіздерге алғыс білдіреміз. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз – біз үшін үлкен қуаныш!
Бұл күн баршамызды жақындатып, ізгі істерге бастау болсын! Әрдайым жүрегіміз мейірімге толы болып, бір-бірімізге алғыс айтудан жалықпайық!
Ізгі ниетпен,
“Nextgen” Мектеп Парламенті