«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ: ОҚЫЛЫМ, ТАНЫМ, КРЕАТИВТІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ШЕБЕР КЛАСТЫҢ 3-ОТЫРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, педагог-шеберлер С.М.Сырбаева мен М.К.Романованың «Оқу сауаттылығы: оқылым, таным, креативтілік» тақырыбында облыстық деңгейдегі шебер кластың 3-отырысы ұйымдастырылды.Шараның мақсаты – білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру, оқылым дағдыларын дамыту және креативті ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу.Шебер класс отырысында тәжірибелі екі ұстазымыздың тәлімгер мен тәлім алушының бірлескен ашық сабақтары көрсетілді. Ашық сабақтар оқылым стратегиялары, мәтінді талдау жолдары, оқушылардың сыни және креативті ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған интерактивті әдістерге құрылған.Отырыстың екінші бөлімінде қатысушылар шағын топтарға бөлініп, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады, үздік тәжірибелермен алмасып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, оқылым дағдыларын қалыптастыруда цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.

Шара соңында қатысушылар шеберхананың мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беріп, осындай кәсіби қолдаудың мұғалімдер үшін маңыздылығын атап өтті.