ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ – 2025
Білім — елдің ең асыл қазынасы, ұлттың мәңгілік болашағына апарар жол! Осы жолда біз талмай еңбек етіп, ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еттік. Бүгін сол еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз!
2020 жылы мектебіміз «Үздік ұйым» атағымен 8 500 000 теңге жеңіп алса,бүгін — араға 5 жыл салып,тағы да осы мәртебелі атаққа қол жеткізіп, 12 000 000 теңге сыйақымен марапатталдық!
Бұл — жай ғана жеңіс емес, бұл ұжымдық еңбектің, ұстаздарымыздың жүрек қалауымен атқарған адал қызметінің, шәкірттеріміздің тынымсыз еңбегі мен ата-аналарымыздың сенімі мен қолдауының айғағы!
Бұл қуаныш — бүкіл ұжымның, әр шәкірттің, әр отбасының ортақ жеңісі!Біз білім арқылы елді, болашақты дамытамыз!