ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС №1

29-ші тамыз күні 2025-2026 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Кеңес аясында ұстаздарымызды және барша қатысушыларды ҚР Конституциясы күнімен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы баяндамасынан бейнеролик көрсетілді.Кеңес жұмысына арнайы “Өрлеу” БАҰО Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының бөлім меңгерушісі Бухарбаев Болат Қайроллаұлы қатысып, жаңа оқу жылына арналған маңызды мәселелер талқыланды.

Педагогикалық қауымдастық үшін жаңа бастамалар мен тың идеяларға жол ашылды.

Жаңа оқу жылы құтты болсын! Барша әріптестерге шығармашылық табыс, шабыт пен сәттілік тілейміз!