РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

Ақтөбе қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының  10-сынып оқушысы Сагиданова Арай 1-4 сәуір күндері Орал қаласында өткен республикалық олимпиадада «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша 2-орынға ие болғанын зор мақтанышпен жеткіземіз! Сагиданова Арайдың жеңісі – облысымыздың жеңісі. Ақтөбе облысының мерейін асырып, үлкен додада жоғары нәтиже көрсеткен Арайға болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз! Арайдың ұстазы — қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Кужахметова Айнұр Самухановна.