«Сәтбаевтану» пәндік олимпиадасы-2025

2025 жылғы 9 сәуірде Ақтөбе қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицей базасында «BILIM QAZYNA» КММ ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының 10-сынып оқушыларына арналған «Сәтбаевтану» пәндік олимпиадасы өткізілді.

Аталған олимпиаданың мақсаты – Қ.И. Сәтбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын терең зерделеу арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, танымдық қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын дамыту.

Олимпиадаға мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Марат Еркеназ қатысып жүлделі 3-орын алды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми еңбектері, геология саласындағы жаңалықтары мен еліміздің ғылымын дамытудағы рөлі бойынша өз білімін көрсетті.

Оқушының бұл бағыттағы ынтасы мен ізденісі жоғары бағаланып, ғылыми тұлғаның мұрасын танытуда өз деңгейінде нәтижеге қол жеткізді.

Марат Еркеназға ғылыми-танымдық сайыста сәтті қатысқаны үшін алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да ғылыми бағытта жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіреміз.

Жетекшісі химия пәні мұғалімі Тажмаганбетова М.Ж