Түлектер- колледждерге экскурсия

КӘСІПТІК БАҒДАР

“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Ш.Берсиев атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжі 9-сынып оқушыларына арналған “Ашық есік күні” шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары колледжге экскурсия жасап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағыттарымен және түрлі жұмысшы мамандықтармен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері өз мамандықтары туралы кеңінен ақпарат беріп, кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған шеберлік сағаттарын өткізді.

Бұл шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруге ықпал етті.