“ТӘЛІМГЕРЛІК-ЖАС МАМАН ҚОЛДАУЫНЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОТЫРЫС

Отырыстың мақсаты :дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен тәжірибе алмасу,жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

Шара барысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, тәлімгер Ысқақов Б.оның тәлім алушысы Нағидуллин Д. өздерінің бірлесе атқарып жатқан жұмыстары жайында ой бөлісті. Ысқақов Б. тәлім алушысына көрсетілген әдістемелік қолдаудың түрлеріне, жаттығу әдістерін тиімді ұйымдастыру жолдарына тоқталса, Нағидуллин Д. осы уақыт аралығындағы кәсіби жетістіктері мен жинақтаған тәжірибесін баяндады.

Сонымен қатар, Тыныштық М. салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене шынықтыру пәнінің ерекше маңызын айта отырып, бұл пәннің оқушылар өміріндегі рөлін жан-жақты ашып көрсетті.

Отырыс соңында жас маман Айдарханов Н. жас педагогтермен бірлесе отырып, кері байланыс ұйымдастырып, бір-біріне ізгі тілектерін білдіру арқылы кездесуді жылы көңілмен қорытындылады.

Мұндай кездесулер жас мамандар үшін кәсіби дамудың, қолдаудың және тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болып табылатыны сөзсіз.