Тамақтану сапасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қаңтар айының 29 күні Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ ұйымының асханасында тамақтану сапасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілдін.
Тексеру барысында
— ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігі
— санитарлық-гигиеналық жағдай
— тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау талаптары,
— қызмет көрсету тәртібі толық қаралды.
Сонымен қатар тағам дайындау технологиясының сақталуы, өнімдердің жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, асхана🍽️ қызметкерлерінің жеке гигиенасы мен арнайы киімдерінің👩🏻🍳 болуы назарға алынды.
Дұрыс және сапалы тамақтану — балалардың денсаулығы мен білім алудағы табысының негізі. Сондықтан мектеп асханасында қауіпсіз, құнарлы, әрі теңгерімді тағаммен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде бақылауда.

Русский
Қазақша