ТАМАҚТАНУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ
2025 жылдың 3 қараша күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады. Жұмыс барысында комиссия келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тауар өндірушілердің тамақ өнімдерінің сертификаттарына аса назар аударды. Дайындалған тағамдардың сапасын, технологиялық жабдықтарды және олардың жарамдылық мерзімдерін, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуын, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігін, асхананың санитарлық жағдайын тексерді. Комиссия жұмысының қорытындысы мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінде қаралады және мектептің интернет-ресурсында ақпарат жарияланады.

Русский
Қазақша