«ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА «ҮЗДІК ДИКТАНТ» КОНКУРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Жас педагогтің кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер» айлығы аясында 1-сыныптар арасында «Үздік диктант» тақырыбында сыныптан тыс шара ұйымдастырылды.Шараның мақсаты – оқушылардың сауаттылық деңгейін анықтау, тыңдағанын дұрыс түсініп жазуға дағдыландыру, жазу мәдениетін қалыптастыру және жазбаша тілін дамыту. Әр сыныптан бір оқушы қатыстырылып, өз білімдерін ортаға салды. Балалар жауапкершілікпен қатысып, тиянақтылық пен ұқыптылық танытты.Шараны ұйымдастырушылар:Нысанова Г.С., Санбаева К.Ш.