«ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА «БЕЙБІТШІЛІК – ЖAHАНДЫҚ ДАМУ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

«Жас педагогтің кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер» тақырыбындағы «ЖАС МАМАНДАР» айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берегенов Аңсат Қайратұлы 9 «В» сыныбында «Бейбітшілік – жahандық даму кепілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:

Қоғамдық – саяси, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау.Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.Сабақтың мақсатына жету үшін топтық, жеке және шығармашылық жұмыстар жүргізілді.Сонымен қатар «Learning.apps» платформасын қолдану арқылы оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді.Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.