«ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА «СЫН ЕСІМ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

«Жас педагогтің кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер» тақырыбындағы педагогтар айлығы аясында бастауыш сынып пәні мұғалімі Аралбаева Акерке Куралбайқызы 3 «Д» сынып оқушыларына «Сын есім» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты:сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) анықтау;Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, тақырыпты терең меңгеруге ынта білдірді.