“ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР” АТТЫ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАЛАР АЙЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ («ПЕДАГОГ» САНАТЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН)
“Жас педагогтің кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер” атты ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар айлығының ашылу салтанаты 2025 жылдың 7 сәуір күні өтті. Іс-шара барысында жас мамандар өздерінің алғашқы кәсіби жолындағы ізденістері,тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы қарым-қатынас пен шығармашылық жұмыс барысын баттл форматында ұсынды. Сонымен қатар, олар өздері шығарған әндерді орындап, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Жас мамандар шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, оларға шырақ болар ұстаздық жолдың маңызын шығармашылықпен жеткізе білді.Кеш креативті әрі рухани-шығармашылық мазмұнда ұйымдастырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Салтанатты шараның соңында алдағы өтетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға сәттілік тіленіп, жастарға қолдау білдірілді.