«ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАЛАР АЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Мектебімізде «Жас педагогтің кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер» тақырыбындағы ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар айлығының жабылу салтанаты өтті.Шара барысында жас мамандарымыз өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттері мен өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.Оқушылар өз ұстаздарына деген құрметін өлең шумақтары арқылы жеткізіп, ыстық ықыластарын білдірді.Ал жас ұстаздар өздерінің авторлық туындылары негізінде әндер шырқап, салтанатты кешті жастардан құралған хордың әсерлі орындауымен аяқтады.
Шара барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, жас педагогтердің үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын жарқын болашағына сенім ұялатты.