Жеңіс қуанышы – ортақ қуаныш!

Бүгін мектеп ұжымы үшін ерекше қуанышты күн болды. Білім додасынан жүлделі оралған 11-сынып оқушысы Төлепберген Диананы теміржол вокзалынан зор қошеметпен қарсы алдық.  Диана Өскемен қаласында өткен профессор Қ. Бітібаева атындағы дәстүрлі республикалық олимпиадаға қатысып, 2-орын иеленді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік оқушылар бақ сынаған жарыста Диана қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп, мектептің абыройын асқақтатты. Оның бұл жетістігі – тек өз еңбегінің ғана емес, оны білімге баулыған ұстаздарының да жемісі. Жүлделі орын мектеп қоржынына салмақты үлес қосып қана қоймай, басқа оқушыларға да үлкен мотивация болды.

Диананың жеңісі – бүкіл мектептің жеңісі. Біз осындай білімді, талапты оқушыларымызбен мақтанамыз!