Жедел респираторлы-вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу
13 қараша күні мектепте жедел респираторлы-вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу мақсатында дәрігерлер оқушылармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында дәрігерлер оқушыларға аурудың белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу және иммунитетті күшейтудің маңызы айтылды.
Оқушылар дәрігерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Мұндай шаралар оқушылардың денсаулығын сақтауға, аурудың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған

Русский
Қазақша