«Жігіт сұлтаны»

2025 жылдың сәуір айының 25-ші жұлдызында  Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 8-10 сынып оқушылары арасында дәстүрлі “Жігіт сұлтаны” байқауы өтті.

Бұл шараның мақсаты — оқушылардың өнерін, білімін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру және олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, ұлттық дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап беру, өнер көрсету және спорттық сайыстар. Әр қатысушы өз қабілеті мен дарынын жан-жақты көрсете білді: бірі домбырамен күй тартса, бірі өлең оқып, бірі ұлттық би билеп көрерменнің қошеметіне бөленді.

Шара барысында қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, қазақы болмысты дәріптеді. Әділқазылар алқасы жігіттердің сымбатын, өнерін, тапқырлығын, шеберлігін ескеріп, үздіктерді анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша “Жігіт сұлтаны — 2025” атағы жеңімпазға табысталды. Жеңімпаз арнайы дипломмен марапатталды, ал барлық қатысушылар алғыс хаттарға ие болды.

“Жігіт сұлтаны” байқауы жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесін нығайтуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін берді

Бас жүлде-Тілеген Аян 8Ә класс

1-орын Сертай Аңсар 9Д класс

1 орын-Маратов Керей 8″А»

2-орын Ізтуған Мадияр 10В класс

2-орын Шоттыбаев Алашхан 10А класс

3-орын Демегенов Сұлтан 8К класс

3-орын Анищенко Дмитрий 8 «Ж» класс

8 қырлы 1 сырлы номинациясы — Жетпісбай Мирлан 8Д

Өнерпаз жігіт номинациясы-Отаргазин Еркебұлан 9Ә

Өнерпаз жігіт-Ибрагим Дінмұханбет 9Б

Шымыр жігіт-Темірбайұлы Нұриман 8Қ

Лайк патшасы- Мұхитов Мирас 8Ғ