«ZHUBANOV ОЛИМПИАДА» пәндік олимпиадасы

Мектебіміздің биылғы түлектері, 11-класс оқушылары, 2021 жылдың 5-12 қаңтар күндері Ақтөбе өңірлік университеті ұйымдастырған «ZHUBANOV ОЛИМПИАДА» пәндік олимпиадасына қатысып, бірнеше пәндер бойынша алған білімдерін сынап көрді. Олимпиада ҰБТ форматында (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және 2 бейіндік пәндер) ұйымдастырылды. Оқушыларымыз олимпиадада жоғары балл жинап, мектепті аяқтағасын, аталған жоғары оқу орнында білім алуды жалғастырған жағдайда бірқатар жеңілдік гранттарына ие болатын сертификаттар, Алғысхаттармен, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаз түлектеріміз:
1. Рахатова Айкөркем – 100% жеңілдік сертификаты;
2. Жалбасов Абдрахим — 50% жеңілдік сертификаты;
3. Абдулова Дана — 35% жеңілдік сертификаты;
4. Кушкарова Ботагоз- Алғысхат; 
5. Өтепбаева Нұрбақыт – Алғысхат;
6. Ұзақбаева Еркеназ – Алғысхат;
7. Алтынбекова Гүлдана – Алғысхат.
Жеңімпаздарды және олардың жетекшілері Кужахметова А.С., Жаркенова З.Т., Касимов Е.Н. жетістіктерімен құттықтаймыз!