«Зорлық-зомбылық қоғам дерті»

Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы қолдауымен өткен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің Халықаралық күніне арналған “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік” науқанында “Зорлық-зомбылық қоғам дерті” тақырыбында 10-11 класс ер балалары үшін дөңгелек үстел өткізілді.

Мектеп — гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

А.Қ Аманғосов оқушыларды зорлық-зомбылық туралы түсінік пен түрлерімен таныстырды. Соның ішінде қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу қоғам үшін аса маңызды міндеттер екенін атап өтті. Мектеп — гимназия психологі А.С Хасенова жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты енгізілген жаңа заңмен оқушыларды таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен тұз терапиясы негізінде, “Менің түсті әлемім” тақырыбында тренинг өткізді